"Қазақстан темір жолы" ревизорлары жолаушылар пойызынан 108 келі рәсімделмеген жүкті анықтады, тексеріс жанжалмен аяқталып, тексерушілерге қатысты физикалық күш қолданылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Тексеру №77 Маңғыстау – Алматы бағыты бойынша жүретін пойызда (Тараз – Шымкент учаскесі) жүргізілген. Нәтижесінде, 8-вагонда Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін жеткізілуі тиіс 108 келі рәсімделмеген багаж анықталды. КТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру жолаушылар пойызының басшысының қатысуымен жүргізілген.
Сонымен қатар, вагон жолсерігі мен пойыз бастығы тексеру жүргізген қызметкерге қатысты бейәдеп сөздер айтып, физикалық күш қолданғаны анықталды. Жеңіл дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еңбек шартын бұзғаны үшін вагон жолсерігімен келісімшарт КТЖ-ның нөлдік төзімділік саясаты аясында бұзылғаны хабарланды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!