“Лаоста шекарашы тиіспек болған“. СІМ қазақстандық қыздың шағымына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Лаос шекарасында болған оқиға туралы қазақстандық саяхатшы қыз әлеуметтік желіде жазғаннан кейін бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Редакция сауалынан кейін ведомство азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Лаос шекарасында болған оқиға туралы қазақстандық саяхатшы қыз әлеуметтік желіде жазғаннан кейін бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Редакция сауалынан кейін ведомство азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдап, жағдайға пікір беруді сұрады. Ведомство бұл тақырыпта бұған дейін азаматтардан өтініш түспегенін айтып, шетелде жүрген қазақстандықтарға мұндай жағдай туындаған кезде Қазақстан Республикасының ең жақын шетелдік мекемесіне дереу жүгінуге кеңес берді.

"Қазіргі уақытқа дейін Вьетнам мен Лаос арасындағы шекаралық бекеттерде туындаған ықтимал оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтарынан ресми өтініштер түскен жоқ. Егер осындай жағдайлар болса, азаматтарға Қазақстан Республикасының ең жақын шетелдік мекемесіне жүгіну ұсынылады. Байланыс мәліметтері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында орналастырылған", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде 13 сәуірде қазақстандық қыздың Лаос шекарасында қорқынышты жағдайға тап болғаны туралы жазба кең таралды. Вьетнамнан шығу кезінде ешқандай мәселе туындамаған – барлық құжаттары, соның ішінде виза қойылған төлқұжаты да дұрыс болған. Алайда кейінірек төлқұжаттағы деректер бойынша Вьетнамда болу мерзімі рұқсат етілген уақыттан асып кеткен.

Дәл осы жағдай, алдын ала болжам бойынша, Лаос шекарасында қиындық туғызған. Жазба авторының айтуынша, шекара қызметкерлері өте агрессив мінез көрсетіп, оның құқықтарын бұзған. Бұл оқиғаны сипаттаған жазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып, қызу талқылауға себеп болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная