Іле Алатауында адасып кеткен төрт жасөспірім табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ depositphotos.com ©️ depositphotos.com

Алматы облысы Іле Алатауы тауында "Лесной" асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Іле Алатауы тауында "Лесной" асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Тез арада ТЖМ "РЖҚЖ" жедел тобы шақырту орнына шыққан.

"Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ", - делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная