Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жолаушылар жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын алып жүруі керек.
"Жолаушылардың назарына! E-gov порталындағы техникалық ақауларға байланысты құжаттардың электрон нұсқалары уақытша жүктелмейді. Жолаушылардан жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруін сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, дәл қазір қазақстандықтар құжаттарының цифрлық нұсқасын танымал сервистер арқылы жүктей алмай жатыр.
Еске салайық, 24 қаңтарда қазақстандықтар eGov.kz және gov.kz сайттарын аша алмай қалды. Бұл сайттарға кіргенде беттер жүктелмей тұр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!