Орал тұрғыны ұшақ бортында жағдайы нашарлаған жолаушыны құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Оралдық мейірбике ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оралдық мейірбике ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, Орал — Шарм-эль-Шейх рейсінде жолаушылардың бірінің кенеттен жағдайы ауырлап, қан қысымы төмендеп, есінен танып, құса бастаған. Қуанышқа орай, ұшақта Орал №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері Динара Сариева болған.

"Динара бір секунд та ойланбастан жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қонғанға дейін пациенттің жанында болды", - делінген хабарламада.

Қиын жағдайда, ресурстар шектеулі болған кезде, ол бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алған.

"Ұшу кезінде күйеуім ауырып, қан қысымы төмендеп, есінен танып қалды. Бортсеріктер мен мейіргер Динара Сариева оның өмірін сақтап қалды", - деді жолаушының әйелі.

Динара Сариева - кеңейтілген өкілеттіктері бар мейіргер, күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді. Осы оқиға Динараның қай жерде болса да көмекке келуге әрқашан дайын екенін көрсетті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная