Пойыз жолаушысы жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Қазақстандық әйел жаңа туған сәбиге қатысты жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әйел жаңа туған сәбиге қатысты жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

БАҚ-та Қызылорда – Астана бағыты бойынша жүріп бара жатқан пойызда қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Әйел пойызда босанып, кейін жаңа туған нәрестені вагонның терезесінен лақтырып жіберген көрінеді. Сәбидің денесі кейін табылып, оның қаза болғаны анықталды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге оқиғаның мән-жайына қатысты пікір бермеді, алайда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

"Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оның аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная