Желіде жол талғамайтын көліктің темір жол рельстерінде тұрып қалғаны түсірілген видео пайда болды. Пойыз машинисі соқтығысуды болдырмау үшін шұғыл тежегіш басқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Джип Медеу – Жетісу учаскесінде жолаушылар пойызының жолын бөгеп қалғаны белгілі болды.
Оқиға 12 наурызда болған.
"15:46-да Алматы-2 – Павлодар бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Toyota Land Cruiser маркалы автокөлік белгіленбеген жерде темір жолға шығып кетіп, рельстер арасында тұрып қалғандықтан, шұғыл тежегішті қолдануға мәжбүр болды. Теміржолшылар жолаушылардың көмегімен көлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды. Кейіннен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бұл жағдайға байланысты пойыздың 16 минутқа кешіккені айтылды. Оқиға туралы полицияға хабар беріліп, тергеу басталған.
ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-ақпанында теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!