Пойыздарда тегін тамақ берілетіні рас па? ҚТЖ жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Желіде кейбір қазақстандық пойыздардың жекелеген вагондарында жолаушыларға тегін тамақ беріледі деген ақпарат тарады. Бұл рас па? "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде кейбір қазақстандық пойыздардың жекелеген вагондарында жолаушыларға тегін тамақ беріледі деген ақпарат тарады. Бұл рас па? "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Threads әлеуметтік желісінде жолаушы әйел Қазақстан пойызында болған жағымды әсерін бөлісті. Оның айтуынша, маусымның басында ол баласымен бірге "Тальго" пойызының "люкс" вагонында Астана – Алматы бағыты бойынша жолға шыққан.

Ол өз жазбасында жолда оларға тамақ берілгенін айтты. Әйелдің айтуынша, бұл үшін қосымша ақы төлеудің қажеті болмаған.

Осы ақпаратты нақтылау үшін КТЖ баспасөз қызметіне жүгіндік. Компания бұл ақпаратты растады.

"1 маусымнан бастап "люкс" және "гранд-купе" вагондарында борттық тамақтану қызметі ұсынылады, оның құны билет бағасына кіреді. Қазіргі уақытта бұл қызмет пилоттық режимде енгізіліп жатыр", – деп нақтылады компания өкілдері.

"Тальго" пойызымен Алматыдан Астанаға "люкс" вагонмен жүру құны 26 мың теңгеден сәл асады, ал купеде – шамамен 24 мың теңге.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная