"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар ілікті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалды. Бұл кадрлар Қазақстанның оңтүстігінде мекендейтін жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тағы бір мәрте дәлелдейді", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар тек жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де көмектеседі. Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.
Айта кету керек, "Сайрам-Өгем" МҰТП аумағында барлық аңшылық түріне қатаң тыйым салынған. Жануарлар популяциясын сақтау мақсатында тұрақты түрде табиғат қорғау шаралары жүргізіліп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!