Қазақстандық әуекомпаниялар Шымкент әуежайының жаңа терминалына рейстерін ауыстырып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Air Astana
Air Astana компаниясы 2025 жылдың 27 мамырынан бастап өз рейстерін жаңа жолаушылар терминалынан орындай бастайтынын мәлімдеді. Алғашқы рейс Шымкент – Доха бағыты бойынша ұшады.
Компания халықаралық та, ішкі рейстерін де жаңа терминалға көшіреді. Тасымалдаушы жолаушыларға тіркеу, тексеру және басқа да ұшу алдындағы рәсімдерден өту үшін әуежайға ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келуді ұсынады.
FlyArystan
FlyArystan да 2025 жылдың 27 мамырынан бастап, FS7108 рейсінен бастап, Шымкенттен ұшып шығатын және келетін барлық рейстері халықаралық әуежайдың жаңа А терминалында қызмет көрсетілетінін хабарлады.
"Саяхатты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеріп, әуежайға алдын ала – ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келуді сұраймыз", – делінген компания хабарламасында.
Жаңа терминал туралы
Әуекомпаниялар мәліметінше, жаңа терминалдың аумағы – 39 000 шаршы метр. Ол сағатына 2 000 жолаушыға дейін қабылдай алады.
Бұған дейін 2025 жылдың 24 мамырынан бастап PEGASUS әуекомпаниясының Шымкенттен келетін және ұшатын барлық рейстері жаңа терминалда (Терминал А) орындалатыны айтылған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!