Тағы бір қазақстандық пойызда әйелдер вагоны пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ Көрнекі сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 "Орал-Маңғыстау" бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 "Орал-Маңғыстау" бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.

Касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін "ӘВ" (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда бар:

  • №77/78 "Алматы - Маңғыстау";
  • №351/352 "Алматы - Маңғыстау";
  • №45/46 "Павлодар - Түркістан";
  • №37/38 "Маңғыстау - Семей";
  • №47/48 "Атырау - Астана";
  • №33/34 "Ақтөбе - Алматы";
  • №4/3 "Астана - Алматы";
  • №71/72 "Астана - Шымкент";
  • №354/353 "Астана - Семей";
  • №24/23 "Ақтөбе - Алматы";
  • №25/26 "Алматы - Шымкент";
  • №614/613 "Орал - Маңғыстау".

Билеттер сатылымы пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная