Тойға бармақ болған қазақстандықтар қуаныштың орнына қиындыққа тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмір Абдулхаимовтың фотосы

Жетісу облысының 16 тұрғыны Астанаға тойға баруды жоспарлап, шамамен 800 мың теңгеге алдын ала әуе билеттерін сатып алған, алайда салтанатты шара өтпейтін қалған. Жолаушылар билеттерді қайтармақ болғанда, өтемақы мөлшері оларды таңғалдырды: жүздеген мың теңгенің орнына олар барлығына 14 мың теңгеден сәл асатын сома алған, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысының 16 тұрғыны Астанаға тойға баруды жоспарлап, шамамен 800 мың теңгеге алдын ала әуе билеттерін сатып алған, алайда салтанатты шара өтпейтін қалған. Жолаушылар билеттерді қайтармақ болғанда, өтемақы мөлшері оларды таңғалдырды: жүздеген мың теңгенің орнына олар барлығына 14 мың теңгеден сәл асатын сома алған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, Жетісу облысы мен Алматы тұрғындары Астанадағы отбасылық жиынға бару үшін алдын ала 16 әуе билетін рәсімдеген. Сатып алудың жалпы сомасы 765 248 теңге болды.

Жарнама
Жарнама

Алайда бірнеше күннен кейін отбасылық жағдайларға байланысты той өтпей қалды. Жолаушылар ұшудан бас тартып, билеттерді қайтаруға өтініш берген, бұл ретте олар мұны ұшуға 37 күн қалғанда, яғни алдын ала жасаған.

"Азаматтар қаражат толық көлемде немесе әуе тасымалы шарттарында көзделген ең аз ұстап қалумен қайтарылады деп үміттенген", - деп хабарлады комитеттегілер.

Бірақ толық соманың орнына сатып алушыларға небәрі 14 840 теңге қайтарылған, бұл әр билет үшін бар болғаны 927,5 теңгеден келеді.

Іс немен аяқталды?

Мұндай сомамен келіспеген Жетісу тұрғындары облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Департамент істің мән-жайын зерттеп, өтініш берушілерге келесідей көмек көрсетті:

  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама нормаларын түсіндіру;
  • сатушы компания мен әуе тасымалдаушының атына қаражатты толық көлемде қайтару талабымен сотқа дейінгі шағым дайындауға жәрдемдесу.

Дау билет сатып алушылардың пайдасына шешілді.

"Шағым түсіп, департамент араласқаннан кейін дау сотқа дейінгі тәртіппен реттелді. Нәтижесінде екі тәулік ішінде тұтынушыларға 765 248 теңге көлеміндегі қаражат толықтай қайтарылды", - деп атап өтті комитеттегілер.

Департамент өкілдері мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін ескертті.

Тағы оқыңыз: Астанадан ұшқан жолаушы ішінде алтыны бар сөмкесі ұрланғанын айтты

Алматы әуежайын су басты: кім жазаланды?

TengriTravel

Жарнама
Жарнама