13 маусым 2022 | 10:01

1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 1,2 триллион теңгеден аса сома зейнетақы төленген. 2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 235,4 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,2 миллиард теңге жұмсалған.

"2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны - 2 миллион 246 мың. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, зейнетақы төлемінің орташа мөлшері - (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мамырда базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда, зейнетақы төлемінің орташа мөлшері 105 193 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная