ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2019 | 09:57
2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қор активтері 1,3 миллиард долларға өсті
2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қордың активтері 59,34 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қордың активтері 59,34 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2018 жылдың осы кезеңінде активтер 57,99 миллиард доллар болған. Яғни, былтырмен салыстырғанда Ұлттық қор активтері 2,3 пайызға өскен.
2019 жылдың екінші жартысында Ұлттық банк жинақтау қоржынының активтерін жаңаша теңдестіре бөлу бойынша жұмысты бастаған. Нәтижесінде 2019 жылдың тамызы мен қыркүйегінде, тиісінше, 200475,43 және 199866,28 унция алтын алынды. Осылайша, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша алтын қоржынының нарықтағы бағасы 595,5 миллион доллар болды.
Айта кетейік, соңғы төрт жыл бойы Ұлттық қордың активтері азая берген еді. Биыл қаңтар мен қыркүйек арасында Ұлттық қор кірісінің көбеюіне негізгі себеп - қор басқармасынан инвестициялық кіріс түсуі, ол 2019 жылдың үш тоқсанында 2,3 миллион доллар болды.
Показать комментарии
Читайте также