Әлемде кофе қымбаттап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

Арабика сортындағы кофе бағасы Нью-Йорктегі ICE Futures биржасының сауда деректеріне сәйкес 10 жылдық рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Арабика сортындағы кофе бағасы Нью-Йорктегі ICE Futures биржасының сауда деректеріне сәйкес 10 жылдық рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Қарашаның ортасынан бері фьючерстер бір фунт үшін 2,2 доллардан (0,45 келі) жоғары болды. Бұған дейін осы көрсеткіштен жоғары баға 2012 жылдың қаңтарында тіркелген. Сейсенбі, 16 қарашадағы сауда-саттық барысында желтоқсандағы фьючерстердің бір фунты 2,24 долларға дейін көтерілді.

Бағаның өсуіне ірі өндірушілер тарапынан жеткізілім болмауы себеп болды. Бразилияда аяз, құрғақшылық болды, Колумбиядағы дақылдар қатты жауын-шашыннан зардап шекті, ал Вьетнам экспорты жүк тасымалдау контейнерлерінің жетіспеушілігінен төмендеді.

Реклама
Реклама

АҚШ соңғы есебінде әлемдік кофе қоры былтырғымен салыстырғанда 77 пайызға төмендегенін айтты. Көлік шығындарының жоғары болуына, тыңайтқыштардың қымбаттауына және жұмыс күшінің тапшылығына байланысты кофе бағасы көтеріле береді.

Айта кетейік, қарашаның басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) азық-түліктің әлемдік бағасы рекорд деңгейге көтеріліп, 2011 жылғы көрсеткіштен асып кеткенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама