ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2021 | 14:43
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 9,6 пайызға қымбаттаған
2021 жылдың басынан бері қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2021 жылдың басынан бері қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілі 2021 жылдың басынан бері қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 109,6 пайыз болғаны айтты. Бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға төмен болып, қала 19 өңір арасында 15-ші орында тұр.
"Бір жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті. Бұл ретте Үкімет бұл көрсеткіш үшін 9,5 пайыз индикаторын қойған. Бұл макроэкономикалық көрсеткіш, бірақ біз қаладағы бағаны тежеу үшін барлық шараны қолданамыз. Бізде екі механизм бар - ынталандыру, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне бағаны ұстап тұру бойынша міндеттемелер мен әкімшілік ресурстарды алу үшін қарыз беру, яғни шекті бағаларды бақылау", - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне бірінші сұрыпты ұн, нан, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық еті, сүт 2,5 пайыз, айран, сары май, жұмыртқа, тұз және сүзбе кіреді.
Әкімдік мәліметінше, жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінген, олар қаланың сауда желілерінің сөрелеріндегі бағаларды тіркеуге, сондай-ақ өндірушілердің сату бағаларын тіркеуге бағытталған.
Негізгі базарларда, сауда желілерінде және "үй жанындағы дүкендерде" әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына 15 пайыздық сауда үстемесін сақтау мәніне мониторинг жүргізіледі. 1 маусымнан бастап үстеме ақыларды анықтау бойынша комиссия құрылған. Тексеру қорытындысы бойынша үш материал жасалды.
Бұған дейін статистика деректері бойынша Қазақстандағы азық-түлік құны бір жылда 11 пайызға өскені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также