Алтынның бағасы тарихи ең жоғары деңгейге жетті

Фото:depositphotos.com

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының күшеюі аясында алтын бағасы рекорд деңгейге жетіп, унциясы 3200 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының күшеюі аясында алтын бағасы рекорд деңгейге жетіп, унциясы 3200 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апта ішінде споттық алтын бағасы 2978,19 доллардан (4 сәуір) 3220 долларға дейін өсті (Астана уақытымен 11 сәуір сағат 14:00-де), бұл 8 пайыздан астам өсімді білдіреді. Бір тәулікте алтын шамамен 3,5 пайызға қымбаттады.

АҚШ-та 2025 жылғы маусымда жеткізілетін алтын фьючерстері 7,8 пайызға, яғни 2984,56 доллардан 3217,74 долларға дейін өсті. Бір күн ішінде баға шамамен 3 пайызға өзгерді.

Реклама
Реклама

Скрин: Investing.com графигі

Нью-Йорктағы Comex биржасында алтын фьючерстерінің құны унциясына 3240 доллардан асты.

Скрин: Comex графигі

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп 2 сәуірден бастап тарифтерді арттыра бастады. Америка Қытай тауарларына кедендік алымдарды 145 пайызға дейін көтерді. Жауап ретінде Қытай да америкалық өнімдерге тарифтерді 125 пайызға дейін арттырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама