Апта басында теңге айтарлықтай нығайды

© Амир Абдулхаимов

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? 16 ?азанда?ы та??ы саудасында 332,61 те?геге те? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 16 қазандағы таңғы саудасында 332,61 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

16 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 333 теңгемен өтті. Максималдық құны 333,05 теңге болды. Ал минималдық құны 332,05 теңгеге тең. Сауданың жалпы көлемі 23,200 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332-335,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Реклама
Реклама

Мұнай бағасы 16 қазанда Астана уақытымен сағат 11.00-де  Brent маркалы мұнайдың барреліне 57,77доллар болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама