Ақтөбеден БАӘ-ге мыңнан аса қой экспортталды

А?т?бе облысында ??рбан айт ?арса?ында Араб ?мірліктеріне мы?нан аса ?ой жіберілген, б?л туралы ауылшаруашылы? бас?армасыны? басшысы ??сайын С?рсембай айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "А?т?бе а?парат" орталы?ына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында Құрбан айт қарсаңында Араб әмірліктеріне мыңнан аса қой жіберілген, бұл туралы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап. 

Бүгінде өңірде 1 371,1 мың бас қой-ешкі бар. 2017 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша 597,7 мың бас төл алынған.

"Облыс алдында 90 тонна қой етін экспорттау тапсырмасы тұр. Осы тапсырманы орындау мақсатында «Алтын Әсел» ЖШС Біріккен араб әмірліктеріне мың бастан астам қой етін жіберді. Экспортталған өнім көлемі 20 тоннадан асады", - деді Құсайын Сәрсембай. 

Реклама
Реклама

Жыл соңына дейін 5 000 бас қой немесе 100 тонна қой етін экспорттау жоспарланып отыр екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама