Ақышев теңгенің неге құбылғанын айтты

Данияр Ақышев. © Николай Колесников

2018 жылды? басынан валюта нары?ында?ы ахуал т?ра?ты. Бірінші то?санда те?ге бір А?Ш доллары ?шін 318,31 те?геге дейін 4,2 пайыз?а ны?айды. Б?л туралы б?гін ?Р ?лтты? банкіні? т?ра?асы Данияр А?ышев "2018-2020 жылдар?а арнал?ан республикалы? бюджет туралы" ?Р За?ына ?згерістер енгізу туралы" За? жобасын ?арау бойынша ?Р Парламенті М?жілісіні? отырысында баяндама жаса?ан кезде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылдың басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Бірінші тоқсанда теңге бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңгеге дейін 4,2 пайызға нығайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен аптада Ресейдің қор нарығының құлдырауы және рублінің әлсіреуі себебінен теңге бағамы құбылды. 9 - 11 сәуір аралығындағы 3 күн ішінде теңге 3,5 пайызға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 330,88 теңге болды. Ұлттық банктің қалыптасып отырған ахуалға әсері бейтарап болғанын атап өтемін", - деп түсініктеме берді Ақышев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама