08 қыркүйек 2014 18:22

Астанада азық-түлік арзан бағамен сатылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

20 қыркүйектен бастап Астанада аймақтардан әкелінген ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерде төмендетілген бағамен сатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


20 қыркүйектен бастап Астанада аймақтардан әкелінген ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерде төмендетілген бағамен сатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"Астанада 20 қыркүйектен бастап әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұрады. Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен төмендетілген бағамен алынған азық-түлік өнімдері қала тұрғындарына ұсынылмақ", - дейді әкімдіктегі өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасындағылар. Биылғы жылдың 20-21 қыркүйегінде Астанаға Алматы облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін әкеледі. Барлық өнімнің бағасы Астанадағы сауда нүктелеріндегі орташа бағадан төмен. 

Алматы облысының жәрмеңкесінде жеміс-жидектерді, көкөністерді, сүт өнімдерін арзан бағамен алуға болады. Астанада түрлі аймақтардың жәрмеңкесі осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматы облысының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілері  Астанаға 400 тоннадан астам азық-түлік апарған болатын. 24 түрлі өнім жәрмеңкеге қойылды. Оның ішінде 193 тонна көкөніс, 110 тоннадай пияз, 50 тоннадан астам алма, 17 тонна күріш, 7 тонна балық, 3 тонна бал, сондай-ақ 60 тоннадан астам ет елордалықтар үшін арнайы әкелінді.  Азық-түліктен басқа халық шеберлері мен қолөнершілердің еңбектері де жәрмеңкеде жұртшылыққа ұсынылды. Жәрмеңке барысында аймақтардың шығармашылық ұжымдары, өнер иелері қала тұрғындарына арнап гала-концерт қоюды да дәстүрге айналдырған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети