Атырау мұнай өңдеу зауыты ауыл фермерлеріне арналған дизелді отынды қызыл түске бояды

©topreg.ru

Қазақстанда ауыл шаруашылығы фермерлеріне арналған дизелді отынға бояушы зат қосылып, дизелді отын солярканың түсі арнайы қызыл түске ендірілуде деп хабарлайды Tengrinews.kz "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не сілтеме жасай отырып.

Атырау мұнай өңдей зауытының сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы зауыт ауыл шаруашылығы ісін жүргізуге шығаратын дизелді отынға қызыл түсті Dyeguarg Red Ck деп аталатын арнайы бояғыш зат қосып отыр.

Бұған дейін зауыт шығарған дизелді отынның түсі ашық сарғыш болған. Ал бояғыш затты қосқаннан кейін зауыттың шығаратын өнімінің түсі қызыл түске айналған.

Реклама
Реклама

Атырау мұнай өңдеу зауыты мақсаттық пайдалануды бақылау үшін және жанар-жағармай бекеттерінде сату фактілерін болдырмас үшін, жеңілдік баға бойынша шаруаларға арналған солярканы бояуға кіріскенін хабарлады.

Сондай-ақ Ақ Жайық газетінің мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты солярканы бояу шығындарын өз мойнына алған, шаруалар дизелді отынның бір литрін 81 теңге бағаммен ала алады. 

Зауыт мамандары Dyeguarg Red Ck бояуын қосу шығарылатын отын сапасына әсер етпейді деп растап отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама