Атырауда азық-түлік арзандады

Атырауда азы?-т?лік арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ?кіміні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.Б?л туралы облысты? ?кімдікте ?ткен жиналыста белгілі болды.

Атырауда азық-түлік арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиналыста белгілі болды.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында Ұлттық банктің Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева баяндама жасады. Ол аймақтағы азық-түлік бағасының қазан айымен салыстырғанда арзандап, тұрақтанғанын жеткізді. 

"Қазан айымен салыстырғанда инфляция төмендеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған 6 жәрмеңкенің өтуімен байланысты болды. Бағаның түзетілуі қызылша, пияз, сəбіз сынды азық-түліктерге қатысты болды", - деді ол.

Реклама
Реклама

Филиал директоры өңірде дедолларизациияның оң бағытта жүріп жатқанын да айтты.

"Былтырғы периодпен салыстырсақ, 1 қарашада ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 28 проценттен 45 процентке дейін артты. Шетелдік валютадағы салымдар 71 пайыздан 54 пайызға дейін кеміді", - деді директор. Бұл Атырау облысында ұлттық валютаға деген сенімнің күшейгендігімен түсіндірілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама