12 қаңтар 2022 | 10:58

Азық-түлік бағасы қалай реттеледі? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын ауыздықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын ауыздықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы министрлігімен өндіріс, тұтыну және өнімді қайта бөлу теңгеріміне толық мониторинг қамтамасыз етіледі. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде азық-түлік өнімдері импортын тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қажет болған жағдайда экспортты шектеу шаралары дер кезінде қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспорттауға тыйым салынды", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп шекті бағаларға қатысты тәсілдер қайта қаралды.

Реклама
Реклама

"Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмайды. Жекелеген өнімдерге баға айтарлықтай өскен жағдайда монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен баға шегін әкімшілік бекіту құралы дер кезінде қолданылады", - деп қосты Бақыт Сұлтанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная