ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2022 | 09:18
БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендеп кетті
Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 112,51 долларға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 109,27 долларға дейін төмендеген.
Мұнай бағасына БАӘ-нің АҚШ-тағы елшісі Юсуф әл-Утейбудың мәлімдемесі әсер еткен. Ол БАӘ мұнай өндірісін арттыруды жақтайтыны және ОПЕК-те тиісті шешім қабылдауға ниетті екені туралы айтқан болатын.
Өткен аптада мұнай Brent және WTI үшін шамамен 20 пайызға және 25 пайызға қымбаттады, қазір мұнай бағасы 2008 жылғы деңгейде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также