БАӘ-нің мәлімдемесі мұнай бағасына қалай әсер етті?

БАӘ-нің мәлімдемесі мұнай бағасына қалай әсер етті? Фото:depositphotos.com

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан жуық арада шығатыны туралы мәлімдеме жасағаннан кейін мұнай бағасы төмендей бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған Лондонның ICE биржасы деректері дәлел.

Бүгін Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің құны барреліне 112 долларға дейін көтерілді, алайда БАӘ мәлімдемесі жарияланғаннан кейін баға бірден 110,12 долларға дейін төмендеді.

WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері де бірден барреліне 101,79 доллардан 98,89 долларға дейін арзандады.

Жарнама
Жарнама

Айта кетерлігі, жалпы бүгін күні бойы мұнай бағасы өсті. Бұл АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші кезеңі өтпей қалуы аясында болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама