06 мамыр 2022 | 20:17

БАҚ: Сбербанк Қазақстандағы еншілес компаниясын мемлекетке сатады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

"Бәйтерек" мемхолдингі "Сбербанк Қазақстанға" басты үміткер болды, оның капиталына мәміленің екінші кезеңінде Еуропалық қайта құру және даму банкі де кіруі мүмкін, - деп хабарлайды Frank.rg.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Бәйтерек" мемхолдингі "Сбербанк Қазақстанға" басты үміткер болды, оның капиталына мәміленің екінші кезеңінде Еуропалық қайта құру және даму банкі де кіруі мүмкін, - деп хабарлайды Frank.rg.

"Әзірге Сбербанктің еншілес компаниясына басты үміткер - Қазақстан үкіметіне тиесілі "Бәйтерек" холдингі. Холдинг оны банк серіктесі - Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірге сатып алуы мүмкін", - делінген басылым мәліметінде.

"Бәйтерек - қазір жалғыз үміткер", - делінген Альфа-Банк пен Сбербанктің қазақстандық активтерін сату бойынша келіссөздер барысымен жете таныс басылымның тағы бір дереккөзінде.

Реклама
Реклама

Басылым ақпараты бойынша, ЕҚДБ қазір Сбербанктен оның еншілес компаниясын тікелей сатып ала алмайды, сондықтан ол мәмілеге екінші кезеңде қосылуы мүмкін.

Frank Media мәліметінше, қазақстандық реттеушінің АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасымен (OFAC) келіскен тізімінде Еуропалық қайта құру және даму банкі күтпеген жағдайда пайда болған. Сондай-ақ, қандай мақсатта пайда болғаны түсініксіз.

Frank.rg басылымына пікір білдірушілердің бірінің айтуынша, "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі "Сбербанк Қазақстан" санациясынан кейін "шамамен бір жылдан соң" бұл активті жергілікті компанияның пайдасына жекешелендіру мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная