Бензиннің қымбаттауына байланысты такси бағасы көтеріле ме?

viewings icon
304
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды. Осыған байланысты такси қызметінің бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметтегі брифингте жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды. Осыған байланысты такси қызметінің бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметтегі брифингте жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, такси қызметінің бағасын мемлекет емес, нарықтық сұраныс пен ұсыныс анықтайды.

Жанармай – негізгі шығындардың бірі болғанымен, ол алдымен нарыққа түседі, содан кейін таксопарктер мен жүргізушілер бағаны нарықтық жағдайға қарай өздері белгілейді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министр такси қызметінің өзін-өзі реттейтін ұйымдары туралы жоспарларды түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ұйымдарға тек заңды тұлғалар ғана мүше болуға міндеттеледі. Аталған заң жобасы бұған дейін депутаттар мен агрегатор өкілдерінің сынына ұшыраған болатын.

"Басты мақсат – қазақстандық тасымалдаушылардың құқықтарын қорғау. Біз осы өзгерістерді енгізу арқылы жүргізушілердің агрегаторлармен келіссөз жүргізіп, 1 шақырым жолдың құнын және сервистік қызметке төленетін пайызды бірге анықтауына мүмкіндік бермекпіз.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға тек заңды тұлғалар кіреді. Қазақстанда 2000-ға жуық компания мен 10 000-нан астам такси көлігі бар. Біз бұл жүйені Мәжіліспен бірлесе пысықтап жатырмыз. Алдымен пилоттық режимде бірнеше аймақта сынақтан өткізбекпіз", – деп түсіндірді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная