23 қаңтар 2020 | 11:29

Бейжіңге қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы жеткізілді

© moa.gov.kz

ҚХР астанасы Бейжіңдегі "Синьфади" ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрме орталығында жетекші қазақстандық компаниялардың жоғары сапалы мұздатылған өнімінің бірінші партиясын жеткізуге арналған ресми шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚХР астанасы Бейжіңдегі "Синьфади" ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрме орталығында жетекші қазақстандық компаниялардың жоғары сапалы мұздатылған өнімінің бірінші партиясын жеткізуге арналған ресми шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты рәсімге Қытай Министрлер Кабинетінің, Бейжің қалалық Үкіметінің, сондай-ақ ҚР СІМ мен ҚР АШМ өкілдері қатысты.

Реклама
Реклама

Бұл оқиға Қазақстан мен Қытайдың ветеринариялық қызметтерінің үлкен және үйлесімді жұмысы болды. 2018 жылғы 7 маусымда Бейжіңде қазақстандық сиыр етін экспорттау үшін нарықты ашу бойынша табысты келіссөздер нәтижесінде хаттамаға қол қойылды. 2019 жылдың сәуірінде Ветеринарлық сертификат келісіліп, ал келесі айда ҚХР Бас кеден басқармасы төрт қазақстандық кәсіпорынды сиыр етін Қытайға экспорттау құқығы бар тізімге енгізді. Қытай нарығына өнім экспорттау мүмкіндігі ашылғаннан бері қазақстандық компаниялар 4,5 мың тоннаға жуық сиыр етін жеткізді.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін Қытайға экспорттауға құқығы бар қазақстандық кәсіпорындардың тізімін кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная