19 маусым 2024 10:46

Brent мұнайының бағасы барреліне 85 доллардан жоғары көтерілді

Фото:depositphotos.com

Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 08:11-дегі сауда деректері бойынша, 1,35 пайызға өсіп, барреліне 85,39 доллар болды.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілдедегі фьючерстерінің бағасы 1,61 пайызға өсіп, барреліне 81,63 доллар болды.

Реклама
Реклама

Сарапшылардың пікірінше, нарықтың оң факторы Қытайдағы бөлшек сауда өткен айда былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға өскен, бұл ақпаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Бұл өсім қатарынан 16-шы ай бойы байқалып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram