БЖЗҚ Ұлттық банкке зейнетақы қаражатын басқаруға берілетін қаражаттың 20 миллиард теңгесін төлемеген

БЖЗҚ Ұлттық банкке зейнетақы қаражатын басқаруға берілетін қаражаттың 20 миллиард теңгесін төлемеген © 24.kz

Біры??ай жина?таушы зейнета?ы ?оры 2016 жылы ?лтты? банкке зейнета?ы ?аражатын бас?ару?а т?ленетін комиссияны? бір б?лігін аударма?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы "БЖЗ?" А? бас?арма т?ра?асы Н?рб?бі Наурызбаева Алматыда ?ткен баспас?з конференциясында айтты.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2016 жылы Ұлттық банкке зейнетақы қаражатын басқаруға төленетін комиссияның бір бөлігін аудармаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты.

"БЖЗҚ-ның Ұлттық банкке төлеген комиссиясы жайлы айтатын болсақ, өткен жылы комиссия 3,6 миллиард теңге болды. Біз Ұлттық банкке бюджетте жоспарланған 20 миллиард теңгені түгел төлемей қалдық. Мұның барлығы зейнетақы активтерін басқарудағы нәтижелерден шығып отыр", - деді Нұрбүбі Наурызбаева.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банктің комиссиясы қаржы құралдарының түріне байланысты 0,03 пайыздан 0,06 пайызға дейін жететінін айтты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама