23 наурыз 2020 16:40

Дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөлінеді - Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін 10 миллиард доллар бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін 10 миллиард доллар бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Салық преференциялары мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы 4,4 триллион теңге немесе 10 миллиард доллар. Бұл қаражатты дұрыс игерген соң, біз дағдарысқа қарсы күресте жеңіске жететініміз сөзсіз", - деді Мемлекет басшысы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар президент дағдарыс мемлекеттік аппарат пен отандық бизнеске үлкен сабақ болатынын атап өтті.

"Жедел шаралардан басқа, жағдай тұрақтанғаннан кейін де жүйелі іс-шалар қабылдау керек. Шын мәнінде, біз мүлдем жаңа жаһандық әлемнің табалдырығында тұрмыз. Онда Қазақстан өзінің лайықты орнын табуы тиіс", - деді ол.

Мемлекет басшысы әлемдегі жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Қазақстан апатты жағдайдан алыс екенін баса айтты.

"Бізде барлық мүмкіндік пен резерв бар. Бастысы, біз қолайсыз сценарийге дайындықты уақытында қолға алып, не істеу керектігін дұрыс түсіндік", - деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram