Доллар арзандай түсті

Доллар арзандай түсті © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 363,8 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы 3 теңгеге арзандап отыр. Таңертең доллар 366,54 теңге болған еді.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 365,01 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға да осы. Ең төмені 362,5 теңге болды. Сессияда сауда көлемі 41,5 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 364-366,5 теңге аралығында сатып жатыр.

Айта кетейік, кеше долларды ақша айырбастау орындары 370 теңгеден сатқан еді. Дегенмен бүгін бағам қайта түсе бастады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама