Доллар бағамы 450 теңгеден асты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Доллар бағамы 450 теңгеден асты Фото:elements.envato.com

Доллар бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,54 теңгеге артып, 450,17 теңге болды. Айта кетейік, 13 сәуірдегі ресми доллар бағамы 449,74 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 451,41 теңге, ал сатылымда - 453,91 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 451,07 теңгеден сатып алып, 454,27 теңгеден сатып жатыр.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама