ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 наурыз 2022 11:11
Доллар бағамы 490 теңгеден түсті
Доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,16 теңгеге төмендеп, 489,10 теңге болды. Доллардың 26-28 наурыздағы ресми бағамы 494,16 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 484,96 теңге, сатылымда - 490,03 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 485,49 теңгеден сатып алып, 490,07 теңгеден сатып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу