ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 мамыр 2022 15:46
Доллар бағамы 9 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы әлі де құлдырап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 5 мамырдағы ресми бағамы 436,85 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 431,13 теңге, ал сатылымда - 436,63 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 431,24 теңгеден сатып алып, 435,00 теңгеден сатып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу