Доллар бағамы өсті

Фото:elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,29 теңгеге өсіп, 475,91 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 13 шілдедегі ресми бағамы 473,38 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 473,85 теңге, сатылымда - 478,21 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 472,09 теңгеден сатып алып, 475,35 теңгеден сатып жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама