ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2023 | 16:15
Доллар бағамы тағы 2 теңгеге өсті
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,97 теңгеге көтеріліп, 469,31 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16-18 қыркүйектегі ресми бағамы - 467,29 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы - 470,66 теңге, ал сату бағамы 473,80 теңге болады. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,45 теңгеден сатып алынып, 473,58 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также