ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2023 | 15:57
Доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы - 435,69 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 431,94 теңге, сату – 437,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,69 теңгеден сатып алынып, 436,08 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также