Доллар бағамына тәуелді емеспіз - Сүлейменов

Доллар бағамына тәуелді емеспіз - Сүлейменов

?аза?станны? экономикасы доллар ба?амына т?уелді емес. Б?л туралы ?лтты? экономика министрі Тимур С?лейменов ?кімет отырысынан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның экономикасы доллар бағамына тәуелді емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысынан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер көріп отырсыздар, дедолларландыру бізде сәтті өтті. Әрине, мұның барлығы бір сәтте болып кетуі мүмкін емес. Бірақ біз өзіндік өндірісімізді арттырдық, әсіресе, өндірістік тауарларды. Біз валюта бағамына тәуелді емеспіз", - деді министр.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, халық тауарлардың бағасын көбіне теңгемен есептейтін болған.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, KASE қор биржасының 3 шілдедегі таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 342,97 теңгеге тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 11.35 -те Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 77,7 доллар болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама