ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2023 | 15:45
Доллардың ресми бағамы айтылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,97 теңгеге төмендеп, 458,69 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 ақпандағы ресми бағамы бір долларға - 459,92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 459,45 теңге, сату – 463,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 459,66 теңгеден сатып алынып, 462,61 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также