16 ақпан 2024 16:05

Доллардың ресми бағамы айтылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,49 теңгеге көтеріліп, 448,68 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16 ақпандағы ресми бағамы - 448,06 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 449,60 теңге, сатылымы 451,29 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,93 теңгеден сатып алынып, 451,99 теңгеден сатылып жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram