Доллардың ресми бағамы - 187,05 теңге

© РИА Новости

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 16 шілде күнгі ресми (нарықтық) бағам мынадай: доллар - 187,05 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкі 2015 жылдың 11 ақпанынан бастап айырбастау пункттерінде валюта сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шектерін белгіледі. "Өкілетті банктердің және өкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу: 1) АҚШ доллары - 2 теңге, 2) еуро - 3 теңге", - делінген қаулыда.

15 шілдеде бағамның ауытқу дәлізі доллар үшін 170-188-ден 170-198 теңгеге дейін өзгерді. Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов валютаның жаңа дәлізіне өткеннен кейін теңгенің долларға шаққанда бағамының алдағы бірнеше айда бұрынғы қалыпта қалатынын айтты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама