ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2020 | 11:15
Досаев инфляцияға не себеп болғанын айтты
Инфляция салымына көп үлес қосқан азық-түлік тауарлары негізінен нан-тоқаш өнімдері мен жарма. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың нәтижесі бойынша, инфляция 5,4 пайыз болды, бұл мақсатты дәліз бойынша 4-6 пайызға сәйкес келеді. Инфляция салымына көп үлес қосқан 9,6 пайызға қымбаттаған азық-түлік тауарлары, оның ішінде нан-тоқаш өнімдері мен жарма - 16 пайызға өскен", - деп мәлімдеді Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің баға өсуі бірқалыпты.
"Баса назар 2019 жылы қоғам тарапынан валюта саясаты мен ұлттың валюта курсында болды. Былтыр ол ені 4,5 пайыз жеткілікті диапазонда - бір доллар үшін 373-390 теңге көлемінде болды", - деп атап өтті Досаев.
Досаев 2019 жылы теңге 0,4 пайызға ұлғайғанын, ал 2018 жылы 15,6 пайызға әлсірегенін атап өтті.
Показать комментарии
Читайте также