ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2020 | 10:05
Досаев теңгенің әлсіреу себебін атады
Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллар құнының өсу себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллар құнының өсу себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Инвесторлардың қорқынышы мен доллардың нығаюы дамушы елдердің валюталарының әлсіреуіне және мұнайдың арзандауына алып келеді. Салдарынан мұнайға сұраныстың төмендеу қаупі болады", - дейді Досаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қыркүйекте теңгенің айырбас бағамы бірнеше сыртқы факторлардың ықпалында болды.
"Қыркүйек айында әлемнің жекелеген аймақтарында коронавирустың қайта өршуі жағдайында жаһандық экономиканың қалпына келуі баяулау нәтижесінде және мұнайға сұраныстың әлсіреуіне байланысты мұнай 10 пайызға арзандады", - дейді Ұлттық Банк басшысы.
Екіншіден, оның айтуынша, дамушы елдердің валюталары, оның ішінде теңге қыркүйек айында коронавируспен ауыратындар санының артуы аясында әлсіреді, бұл инвесторлардың тәуекел активтеріне деген қызығушылығының төмендеуіне және доллар бағамының нығаюына әкелді дейді Досаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также