24 қыркүйек 2018 | 17:13

ДСҰ өкілі АҚШ пен Қытай сауда қырқысынан Қазақстанға қандай қауіп төнетінін айтты

Коллаж © nb.kz

Дүниежүзілік сауда ұйымы басшысының орынбасары Алан Вулф АҚШ-тың Қытайға салған санкцияларының ықпалы және екі ел арасындағы сауда қырқысының Қазақстан сыртқы саудасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарапшы студенттерге ашық дәріс оқу үшін Алматыға келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік сауда ұйымы басшысының орынбасары Алан Вулф АҚШ-тың Қытайға салған санкцияларының ықпалы және екі ел арасындағы сауда қырқысының Қазақстан сыртқы саудасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарапшы студенттерге ашық дәріс оқу үшін Алматыға келді.

"Күшті әсер әрдайым бар. Егер Қытайдың экономикасы төмендесе, оның шетел тауарларын алу мүмкіндігі азаяды. Сіздер Қытайдың көршісісіздер, сондықтан, алдын ала болжам бойынша, әсер бар - тікелей және жанама. Тікелей әсер Қазақстаннан келетін шикізатқа қатысты болуы мүмкін, ол АҚШ-қа экспортталатын қытай тауарларының бір бөлігі болып келеді.

Реклама
Реклама

Нақты әсерін білеміз бе? Егер металға, газға, бензинге Қытай экономикасының төмендеуіне және АҚШ тарифтеріне байланысты сұраныс азайса Қазақстанның экономикасына ықпал етуі мүмкін. Бәлкім, Қазақстан үкіметінде қандай да бір болжам бар шығар. Бірақ менде ондай ақпарат жоқ - жағдай кейініректе болды", - деді Алан Вулф.

24 қыркүйекте АҚШ пен Қытай бір-біріне баж салығын салды. Жалпы сомасы 260 миллиард доллар болатын қосымша салықтар Астана уақыты бойынша сағат 10.01-де күшіне енді. Экономистер сауда қырқысына байланысты әлемдік экономика өсімінің бәсеңдеуін күтіп отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная