Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады.

Құжаттың алдыңғы нұсқасында былай жазылған еді:

Реклама
Реклама

"Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді".

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама