Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы жыл сайын орын алатын тапшылық биыл да төбе көрсетуі мүмкін. Бұл ретте мамандар отандық нарықтағы жанар-жағармай тапшылығы 2020 жылға дейін жалғасын табады деп отырғанын хабарлайды Tengrinews.kz. Жалпы, жанар-жағармай тапшылығы Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялап қайта жаңартудан өткізгенге дейін жалғаспақ. Бұл тапшылықтың орнын толтыру мақсатында біз Ресейден жыл сайын елімізге жанар-жағармай тасымалдаймыз. Есептеп көрсек, жылына Ресейден Павлодар мұнай өңдеу зауытына 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданады. Бұл көлем Қазақстанның ішкі нарығының 40 пайыздық тапшылығының орнын толтырады. Ресей өнімдерінің елімізге осылайша молынан енуін шешу мақсатында Қазақстан өткен жылы Қытаймен келісімге отырған болатын. Ол келісім бойынша Қытай толлинг жүйесімен өз мұнайымызды қайта өзімізге өңдеп жіберуі үшін біз ол елге 1 млн тонна мұнай айдаймыз. Дегенмен, мамандардың айтуынша, Қытайдан жанармай алу жағы техникалық мүмкіншіліктің аздығына байланысты толыққанды шешімін таппай отыр. Себебі Павлодар мұнай өңдеу зауытының технологиялық ауқымы тек Сібірдің жеңіл мұнайы өңдеуге негізделген. Павлодарға Сібірдің кен орнынан тікелей арнайы құбырлар тартылған. Өз мұнайымызды да өңдеуде мүмкіндік шектеліп отыр. Жылына 7 млн тонна мұнайды еліміздің батысынан солтүстігіне теміржолмен тасымалдау қиын болайын деп тұр. Жалпы, мұнайдан 40 түрлі компонент өндіруге болады. Жанар-жағармай соның бір парасы ғана. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы мұнай өңдеу технологиясының ескіргені сонша, біз 1 тонна мұнайдан 400-450 келі жанармай алады екенбіз. Айталық, көршілес Ресейдің зауыттары 1 тоннадан 600-700 келі жанармай шығарады. Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 700-770 келіні құрайды. Техникалық әлеуетіміздің осы іспетті әлсіздігін алға тартқан сарапшылар жанармай тапшылығымен әлі де бет-бет келетінімізді, демек, Ресейдің өніміне әлі де тәуелді бола түсетінімізді баса айтуда. Осылайша мамандар "елдегі жанар-жағармай тапшылығы ірі зауыттарымыз Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары толыққанды модернизациялау ісіне көшкенде ғана жойылады" дейді. Ал бұл ірі зауыттардың нақты моддернизациялау жүйесін меңгеретін тұсы 2019-2020 жылдардың аралығын қамтиды.
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы жыл сайын орын алатын тапшылық биыл да төбе көрсетуі мүмкін.
Бұл ретте мамандар отандық нарықтағы жанар-жағармай тапшылығы 2020 жылға дейін жалғасын табады деп отырғанын хабарлайды Tengrinews.kz.
Жалпы, жанар-жағармай тапшылығы Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялап қайта жаңартудан өткізгенге дейін жалғаспақ.
Бұл тапшылықтың орнын толтыру мақсатында біз Ресейден жыл сайын елімізге жанар-жағармай тасымалдаймыз. Есептеп көрсек, жылына Ресейден Павлодар мұнай өңдеу зауытына 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданады. Бұл көлем Қазақстанның ішкі нарығының 40 пайыздық тапшылығының орнын толтырады.
Ресей өнімдерінің елімізге осылайша молынан енуін шешу мақсатында Қазақстан өткен жылы Қытаймен келісімге отырған болатын. Ол келісім бойынша Қытай толлинг жүйесімен өз мұнайымызды қайта өзімізге өңдеп жіберуі үшін біз ол елге 1 млн тонна мұнай айдаймыз. Дегенмен, мамандардың айтуынша, Қытайдан жанармай алу жағы техникалық мүмкіншіліктің аздығына байланысты толыққанды шешімін таппай отыр. Себебі Павлодар мұнай өңдеу зауытының технологиялық ауқымы тек Сібірдің жеңіл мұнайы өңдеуге негізделген. Павлодарға Сібірдің кен орнынан тікелей арнайы құбырлар тартылған.
Өз мұнайымызды да өңдеуде мүмкіндік шектеліп отыр. Жылына 7 млн тонна мұнайды еліміздің батысынан солтүстігіне теміржолмен тасымалдау қиын болайын деп тұр.
Жалпы, мұнайдан 40 түрлі компонент өндіруге болады. Жанар-жағармай соның бір парасы ғана. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы мұнай өңдеу технологиясының ескіргені сонша, біз 1 тонна мұнайдан 400-450 келі жанармай алады екенбіз. Айталық, көршілес Ресейдің зауыттары 1 тоннадан 600-700 келі жанармай шығарады. Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 700-770 келіні құрайды. Техникалық әлеуетіміздің осы іспетті әлсіздігін алға тартқан сарапшылар жанармай тапшылығымен әлі де бет-бет келетінімізді, демек, Ресейдің өніміне әлі де тәуелді бола түсетінімізді баса айтуда.
Осылайша мамандар "елдегі жанар-жағармай тапшылығы ірі зауыттарымыз Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары толыққанды модернизациялау ісіне көшкенде ғана жойылады" дейді. Ал бұл ірі зауыттардың нақты моддернизациялау жүйесін меңгеретін тұсы 2019-2020 жылдардың аралығын қамтиды.