19 ақпан 2019 | 12:18

Жеңілдікпен көлік несиесін беру бағдарламасына 8 миллиард теңге бөлінеді

Дина Муратова Редактор
© фото:bankist.ru

Үкімет жеңілдікпен көлік несиесін беру бағдарламасына 8 миллиард теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет жеңілдікпен көлік несиесін беру бағдарламасына 8 миллиард теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңілдікпен көлік несиесін беру бағадарламасы 2015 жылы іске қосылды. Ол жеңіл көліктерді жеңілдік арқылы несиеге алу мен  коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландырудан тұрады. Отандық көлік өндірушілерді қолдау және халыққа қолжетімді несие ұсыну үшін осы бағдарламаны жалғастыруды ұсынамыз. Биыл осы бағдарламаға "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 10 миллиард теңгені екінші дәрежелі банктерге жеңілдік қаржыландыру арқылы бөлуді жоспарлап отыр. Оның 8 миллиард теңгесі көлік несиесіне жеңілдік бағадарламасына жұмсалады, ал 2 миллиарда теңгесі коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады", - деді жобаны таныстыру барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірі Жеңіс Қасымбек. 

Реклама
Реклама

Министірлік өкілдерінің мәліметінше 2015-2018 жылдары осы бағдарлама аясында 13 992 көлік құралы және 747 коммерциялық техника сатылған. Үкімет мүшелері бұл жобаны қолдады


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная