17 наурыз 2022 15:26

Жұманғарин газ бағасын мемлекеттік реттеуді заңды түрде сақтауды ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде газ бағасын мемлекеттік реттеуді сақтауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде газ бағасын мемлекеттік реттеуді сақтауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұманғарин бүгінде тауарлық газ нарығының 95 пайызы сатып алуға монополиялық құқығы бар QazaqGaz АҚ-қа тиесілі.

Бүгінде ішкі нарыққа 18,6 миллиард текше метр газ жіберілсе, Қытайға 7,2 миллиард текше метр газ экспортталған. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы тұтыну көлемі өскендіктен, экспорт төмендеген.

Реклама
Реклама

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының мәліметінше, ішкі нарықтағы баға жүйесі де бұлыңғыр, мұнда салалық реттеуші қалыптастыратын баға диапазоны 16 есеге немесе мың текше метр үшін 600-ден 10 мың теңгеге дейін жетеді. 

"Газ бағасын мемлекеттік реттеуді сақтауды ұсынамыз, бұл ретте осындай квоталарды қалыптастырудың айқын ашық өлшемін айқындай отырып, ішкі нарыққа газ жеткізуді квоталау тетігін енгізу қажет. Сондай-ақ, биржада тауарды биржадан тыс жеткізуге қолжеткізу және QazaqGaz-дың тауарлық газды сатып алуға және оны ішкі нарыққа өткізуге айрықша құқығын жою қағидаларын қабылдай отырып, 5-10 пайызды іске асыру мүмкіндігін қарау ұсынылады. Бұл ретте QazaqGaz үшін сыртқы нарыққа экспорттау құқығы сақталады", - деді Жұманғарин.

Жұманғарин сұйытылған газ бағасын мемлекет уақытша бақылайтынын айтты.

"Сұйытылған газ бағасы қазір қатаң реттеліп жатыр. Бұл жыл аяғына дейін жалғаса ма, білмеймін. Президент өзі бекіткен 180 күннің негізінде шешім қабылдайды. Біз ұсынатын шараларды негізге ала отырып, жұмыс істейді, біз маусымда сұйытылған газды реттеуді одан ары  қараймыз", - деп қосты Серік Жұманғарин Мәжіліс отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram